Қазақстан Республикасы Статистика агенттігінің Б корпусы мемлекеттік Әкімшілік лауазымдарына қойылатын біліктілік талаптарын бекіту туралы
Қазақстан Республикасы Статистика агенттігі төрағасының 2013 жылғы 20 желтоқсандағы № 318 Бұйрығы
(2014.11.04. берілген өзгерістермен)
ҚР Ұлттық экономика министрлігі Статистика комитеті Төрағасының 2014 жылғы 24 қазандағы № 18 бұйрығымен күші жойылды
«Мемлекеттік қызмет туралы» Қазақстан Республикасының 1999 жылғы 23 шілдедегі Заңының 13-бабының 5-тармағына, «Мемлекеттік қызметшілер лауазымдарының тізілімін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Президентінің 2013 жылғы 7 наурыздағы № 523 Жарлығына, Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2004 жылғы 31 желтоқсандағы № 1460 қаулысымен бекітілген Қазақстан Республикасы Статистика агенттігі туралы ереженің 20-тармағының 7) тармақшасына сәйкес, БҰЙЫРАМЫН:
1. «С» санатына жатқызылған, Қазақстан Республикасы Статистика агенттігінің (бұдан әрі - Агенттік) «Б» корпусы мемлекеттік әкімшілік лауазымдарының санаттарына қойылатын біліктілік талаптары осы бұйрықтың қосымшасына сәйкес бекітілсін.
2. Персоналды басқару қызметі (Р. Қабиева) «С» санатына жатқызылған, Агенттіктің «Б» корпусы мемлекеттік әкімшілік лауазымдарының санаттарына қойылатын біліктілік талаптарын келісу үшін Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері агенттігіне жолдасын.
3. Персоналды басқару қызметі Агенттіктің Заң департаментімен бірге заңнамамен белгіленген тәртіпте:
1) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелуін қамтамасыз етсін;
2) осы бұйрық Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелгеннен кейін оны бұқаралық ақпарат құралдарында ресми жариялауға жолдасын.
3) осы бұйрықтың Агенттіктің Интернет-ресурсында міндетті жариялануын қамтамасыз етсін.
4. Осы бұйрықтың орындалуын бақылауды өзіме қалдырамын.
5. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап он күнтізбелік күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
| Төраға | Ә. Смайылов |
Келісілді
Қазақстан Республикасы
Мемлекеттік қызмет істері агенттігі
2013 ж 20 желтоқсан
М.О.